» » ҰБТ-2016: Биылғы ерекшеліктер қандай?

 
 
 

ҰБТ-2016: Биылғы ерекшеліктер қандай?

Автор: admin от 17-05-2016, 11:40, посмотрело: 23352

1301 ҰБТ-2016: Биылғы ерекшеліктер қандай?

Облыстық білім беру басқармасы қабырғасында аталған сала мамандарының басын қосқан семинар өтті. Жиында ағымдағы жылы атқарылатын ауқымды жұмыстарды жүргізу жоспары талқыланды. Дәлірек айтсақ, Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен 4-ші және 9-шы сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бақылау шарасын өткізу туралы сөз қозғалды. Үстіміздегі жылы өтетін үлкен сынақтардың талап-шарттары қандай? Түлектерді тосып тұрған тестілеу жұмысында жаңашылдық бар ма? 0:002:27 ҰБТ-2016: Биылғы ерекшеліктер қандай? Биыл болатын ҰБТ шарасына ешқандай өзгерістер енгізілмейтін болды. Мектеп түлектерінің он бір жыл бойы алған білімдерінің деңгейі бұрынғы формат бойынша таразыланады. Өткен жылғы тәртіпке сай, 4 міндетті, 1 таңдауы түскен пәннен 25 сұрақ қойылады. Бағалау шкаласы да өзгеріссіз қалған. Бірақ, берілетін тапсырмаларда бірқатар ерекшеліктердің болатындығы жайлы ескертеді мамандар. ҰБТ шарасы бойынша негізгі айтылған мәселелер - осылар. Ал, 4-ші және 9-шы сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бақылау процедурасы биылғы жылдың сәуір айына белгіленіп отыр. Оған облысымыздың 110 білім беру мекемесі қатысады деп күтілуде. Бастауыш пен жоғарғы сынып оқушыларын нендей сын тосуда? Талабы қандай? Биыл еліміздің білім беру туралы заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Осыған орай, оқытушылар мен оқушыларға қойылып отырған талаптар күшейген. Тағы бір айта кетерлік жайт, мектеп бітіретін түлектер үшін мәні зор емтихан саналатын ҰБТ-ге өзгеріс енгізу 2016-2017-шы жылда басталады деп жоспарланып отыр.

8012345
Категория: Ата-аналарға

Категория: Бітірушілерге

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
Назад Вперед